Неміс азаматы адам тұрмайтын шағын аралда 7 айдан бері жалғыз жұмыс істеп жүр
Оның жұмысы аралға ұя салатын жыл құстары арасында қорғалатын түрлерін бақылау
Германия азаматы, орнитолог Якоб Вилдраут Солтүстік теңіздегі адам тұрмайтын шағын Тришен аралында жеті ай бойы болды. Ол аралдағы жалғыз адам. Оның жұмысы аралға ұя салатын жыл құстары арасында қорғалатын түрлерін бақылау. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ер адам өзімен бірге ыдыс-аяқ, азық-түлік, қобдиша, жылы төсек-орын, қажетті киім-кешек пен аяқ киім, бақылау құралдарын, сондай-ақ кітаптарын алып кеткенін айтты. Ол аралдағы шағын үйде жалғыз тұрады. Үйінде газ плитасы, ағаш пеші, күн батареяларынан алынатын электр қуаты, тоңазытқышы бар.
Аптасына бір рет оған теңізшілер келіп, ауыз су, азық-түлік және поштаны әкеледі. Орнитолог табиғаттың түрлі сырларын зерттеп жүргендіктен, жалғыздығына мән бермейтінін айтты.
«Құстар маған сеніп алған, үйіме де, маған да өте жақын келіп, қонақтап отырады. Арал маған барған сайын таныс болып барады. Табиғатпен сырласып, өзім үшін жаңалықтар аштым», - дейді Якоб Вилдраут.