10.05.2024, 23:40
Жаңалықтар
Атырау-Орал трассасынан Индерборға баратын 7 шақырым жол жабылады
Бүгін Жайық өзеніндегі су деңгейі тағы көтерілген
Фото: istockphoto.com
Атырау-Орал трассасынан Индерборға баратын 7 шақырым жол жабылады. Бүгін кірмежолды уақытша жабу туралы шешім қабылданған. Бұл туралы Индер ауданы әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Атырау-Орал тасжолынан Индербор кентіне дейінгі 7 шақырымдық жолды су басу қаупі туындады. Осыған орай кірме жол жабылады», - деп хабарлады аудандық әкімдіктен.
Атырау облысының жедел штабының мәліметіне сүйенсек, бүгін, 10 мамырда Жайық өзеніндегі су деңгейі тағы көтерілген. Мәселен, түсқайта сағат 16:00-де Индербор кентінің тұсындағы су деңгейі 1019 сантиметр болған. Бұл қауіпті шектен 174 сантиметрге көп.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды