Бүгін республикамызда ауа райы қандай болмақ

Azattyq Rýhy

Солтүстік аймақта үсік болады деп болжануда

Бүгін республикамызда ауа райы қандай болмақ
Фото: istockphoto.com

Бүгін еліміздің оңтүстігінде күн райы жылы болады деп болжануда. Алайда өзге өңірлерде найзағай соғып, жаңбыр жаууы ықтимал, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атырау облысы

Атырау облысында ауа райы күндіз +22 +24 °C, түнде 1-6 градусты көрсетеді, күндіз жылдамдығы 5-10 м/с жел соғады.

Ұлытау облысы

Ұлытау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Ауа райы күндіз +22 +24 градус жылы болады. 9-14 м/с жел соғады.

Қарағанды облысы

Күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі. Күндіз +18+20 °C жылы болады.  

Ақмола облысы

Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі. Күндіз +15+17 °C, түнде +6+8 °C.

Солтүстік Қазақстан облысы

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел батыстқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Петропавл қ.: 07 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел батыстқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз +14+16 °C, түнде +6+8 °C.

Қызылорда облысы

Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз +28+30 °C, түнде +12+14 °C.

Маңғыстау облысы

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, орталығында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 07 мамырда күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз +17+19 °C, түнде +11+13 °C.

Ақтөбе облысы

Түнде және таңертең Ақтөбе облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Күндіз +18+20 °C, түнде +3+5 °C.

Түркістан облысы

07-08 мамырда Түркістан облысының батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі. Бүгін күндіз +30+32 °C, түнде +15+17 °C.

Абай облысы

Түнде Абай облысының солтүстік-шығысында 3 градус үсік күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі. Күндіз +19+21 °C, түнде +3+5 °C.

Қостанай облысы

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ.: 07 мамырда оңтүстік-батыстан жел, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз +15+17 °C, түнде +6+8 °C.

Шығыс Қазақстан облысы

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында 3 градус үсік күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз +20+22 °C, түнде +3+5 °C.

Астана

Елордада бүгін күндіз найзағай күтіледі. Күндіз  +17+19 °C, түнде +4+6 °C.

Павлодар облысы

Түнде Павлодар облысының шығысында 2 градус үсіқ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 07 мамырда түнде топырақтың бетінде 1 градус үсік күтіледі. Күндіз  +16+18 °C, түнде +3+5, топырақ бетіндегі -1 үсік °C.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Орал қ.: 07 мамырда оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі. Күндіз +22+24 °C, түнде  +3+5 °C.

Алматы облысы

2024 жылдың 07 – 13 мамыр аралығында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында (2800 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар. Күндіз +25+27 °C, түнде  +12+14 °C.

Жетісу облысы

2024 жылғы 6-7 мамыр аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін. Күндіз +25+27 °C, түнде  +10+12 °C.

Жамбыл облысы

Облыста ауа райы қалыпты болмақ. Күндіз +27+29 °C, түнде  +10+12 °C жылы болады. Желдің жылдамдығы 5-10м/с болады деп күтіледі.

Алматы

Алматыда күндіз +24+26 °C, түнде  +12+14 °C жылы болады деп болжануда.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.