Еліміздің су қоймаларындағы жағдай: жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы үшін жіберіледі

Azattyq Rýhy

Су қоймаларында «Қазсушар» мамандарының кезекшілігі және су шаруашылығы жағдайының мониторингі жалғасуда

Еліміздің су қоймаларындағы жағдай: жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы үшін жіберіледі
Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 92%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының екінші кезеңі жалғасуда, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Орал қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі 786 см. Ол бір тәулікте 6 см-ге төмендеді.

Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды. Астананың қорғаныс бөгетінен Есіл өзеніне тәулігіне 4,32 млн текше метр су жіберіледі.

Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы. Есіл өзеніндегі су тасқынының екінші кезеңі жалғасуда.

Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі - 1141 см. Ол бір тәулікте 21 см-ге төмендеді.

Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 96%. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істейді. Мұнда су тасқынының белсенді кезеңі өтті.

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 83%.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 43,1%-ға толды. Аймақта су тасқыны жалғасуда. Шүлбі су қоймасына бүйірлік салалардың ұлғаюына байланысты Ертіс өзеніне ағындар жалғасуда. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 99%-ға толы. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының белсенді кезеңі өтті.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақтағы су тасқынының белсенді кезеңі өтті.

Су қоймаларында «Қазсушар» мамандарының кезекшілігі және су шаруашылығы жағдайының мониторингі жалғасуда. Су қоймаларына жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.