Еліміздің солтүстік аймақтарында үсік жүреді - Қазгидромет
Өзге өңірлерде дауыл соғып, найзағай соғуы ықтимал

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Бірқатар өңірде жел соғып, жаңбыр жауады. Сонымен қатар солтүстік өңірлерде үсік жүреді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қазгидрометке сілтеме жасап.
Алматы облысы
Түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл. Жел батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде 18-23, кей уақытта екпіні 29 м/с. Алматы қ.: 06 мамырда түнде қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақытта найзағай, бұршақ. Батыс желі, найзағай кезінде 15-20 м/с. Қонаев қ.: 06 мамырда кей уақытта найзағай күтіледі. Жел батыстан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с.
Абай облысы
Түнде Абай облысында жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Ақтау қ.: 06 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Түркістан облысы
Түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақыттарда найзағай, дауыл. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Шымкент қ.: 06 мамырда кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 06 мамырда түннің бірінші жартысында кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, түнде облыстың шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысы
Түнде Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 06 мамырда түнде топырақтың бетінде 2 градус үсік күтіледі.
Ұлытау облысы
Түнде және таңертең Ұлытау облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жетісу облысы
Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстік бөлігінде, орталығында, таулы аудандарда найзағай, бұршақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Талдықорған қ.: 06 мамырда түнде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысы
Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде 1-6 градус үсік күтіледі. Көкшетау қ.: 06 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
Қостанай облысы
Күндіз Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде 1-6 градус үсік күтіледі. Қостанай қ.: 06 мамырда оңтүстік-батыстан жел, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
Атырау облысы
Түнде және таңертең Атырау облысының шығысында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе облысы
Түнде Ақтөбе облыстың солтүстігінде 3 градус үсік сақталады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі. Ақтөбе қ.: 06 мамырда түнде 1-3 градус үсік сақталады.
Қызылорда облысы
Түнде Қызылорда облысының орталығында, шығысында тұман, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. 06 мамырда облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 6 мамырда түнде тұман күтіледі.
Павлодар облысы
Түнде Павлодар облысының батысынды, солтүстігінде 2 градус үсік, облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы
Күндіз Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 06 мамыр жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
Астана
Еліміздің бас қаласында 6 мамырда түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстан облысында түнде 1-6 градус үсік күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 06 мамырда түнде 1-3 градус үсік күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.