$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Олимпиадаға дайындық»: Франция полициясы босқындар лагерін бұзып тастады

Мигранттар қала шетіне емес, ел астанасынан ары қарай көшіріліп жатыр

«Олимпиадаға дайындық»: Франция полициясы босқындар лагерін бұзып тастады
Фото: Euronews

Франция полициясы Париж мэриясы алдындағы босқындар лагерін таратып жіберді. Құқық қорғаушылар қалада Олимпиадаға осылай дайындалып жатыр деп есептейді. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Франция полициясы Париж қалалық әкімшілігінің жанындағы пана іздеушілердің шатырлы лагерін бұзып тастады. Таң атқанша оқиға орнына полиция жетіп, Батыс Африкадан келген 100-ге жуық жастар мен жасөспірімдерді кетуге мәжбүрледі. Оларға Анжер қаласындағы босқындарды қабылдау орталығына бару ұсынылды. Бұл ұсынысқа тек бірнеше адам ғана келісті.

Үкіметтік емес ұйымдар бұл жазғы Олимпиада ойындары қарсаңында мигранттарды Париж көшелерінен шығару науқанының бір бөлігі екенін айтып отыр.

«Олардың көпшілігі басқа қалаға барудан бас тартатын шығар, өйткені олар барса, сотқа шағымдана алмайды. Сондықтан заттарын алып, қаланың басқа жеріне баруы мүмкін. Қазір Олимпиадаға дайындық қызу жүріп жатыр», - дейді Le Revers de la Medaille үкіметтік емес ұйымының үйлестірушісі Антуан де Клерк.

Полицейлер мұндай операцияны алғаш рет жасап отырған жоқ. Алайда құқық қорғаушылардың айтуынша, биыл қаланы тазалау жұмысы ауқымды өтіп жатыр. Мигранттар қала шетіне емес, ел астанасынан ары қарай көшіріліп жатыр.

Париж билігі мигранттардың басқа қалаларға көшуі алдағы Олимпиадаға байланысты екенін жоққа шығарып, әкімдік жанындағы лагерь қауіпсіздік мақсатында таратылғанын айтып отыр.

Серіктес жаңалықтары