$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда жас кәсіпкерлерге 5 млн теңгеге дейін грант беріледі

Жобаға 21-35 жас аралығындағы кәсіпкерлер қатыса алады 

Қазақстанда жас кәсіпкерлерге 5 млн теңгеге дейін грант беріледі
Фото: istockphoto.com

1 мамырдан бастап жас кәсіпкерлерге арналған жобаға өтінімдер қабылданады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жас кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейін қаржылай көмек ала алады. Жоба жетекшісі Рауан Тұрлығазының айтуынша, кәсібін дамытуға ниет еткен жастар бірнеше бағыт бойынша бағын сынай алады.

«Бұл жоба көп жастарға үлкен мүмкіндік. Биыл екінші жыл қатарынан жас кәсіпкерлерді қолдауға ниет еттік. Бес бағыт бойынша үміткерлерге басымдық беріледі. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, өндіріс, қазақ тілін дамыту жобалары, мобильді қосымшалар мен ұлттық өнер бойынша кәсібін домалатып жүргендерде артықшылық болады»,- деді Р.Тұрлығазы.

Өтінімдер 1 мамыр мен 1 маусым аралығында жобаның сайтында қабылданады. Жеңімпаз 10 маусым күні анықталады. Айта кетейік, былтыр осы жоба аясында 14 адам бизнесін дамытуға қаржылай көмек алған болатын.

 

Серіктес жаңалықтары