Риддер әкімі отставкаға кетті
Ол өзінің отставкаға кету себебін отбасылық жағдайларға байланысты деп түсіндірді
Риддер әкімі Дәулет Батырбаев қала басшысы лауазымына тағайындалғанына сегіз ай енді болғанда отставкаға кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Noks.kz сайтының жазуынша, Дәулет Батырбаев өзінің отставкаға кету себебін отбасылық жағдайларға байланысты деп түсіндірген. Ол әкім қызметінде аз уақыт болғанына қарамастан үлкен жұмыс атқарқанын атап өтті.
«Қаланы жылыту мәселесінде құлдырауға жол бермедік, екі жаңа мектеп салуға бастамашы болдық, тұрғын үй массивтері мен кәсіпорындардан еріген қар суын бұру бойынша көктемгі сынаққа төтеп бердік, қоғамдық көліктерге қатысты мәселе шешілді. Қалада мәдени — ойын-сауық жұмыстары, спорт шаралары жанданды», - деді Батырбаев.
Осылайша экс-әкім әлеуметтік желілердегі оған айтылған сын проблемаларды көруге және оларды тез жоюға көмектескенін атап өтті.
Әзірге Риддер басшысының міндетін әкімнің орынбасары Марат Байжүменов атқарады. Ол ТКШ, құрылыс және өнеркәсіп мәселелерін қадағалайды.