Жайық өзеніндегі су деңгейі төмендеп келеді

Azattyq Rýhy

Су тасқыны кезеңінде жалпы облыс бойынша 14 001 адам эвакуацияланды

Жайық өзеніндегі су деңгейі төмендеп келеді
Фото: ҚР ТЖМ

Батыс Қазақстан облысында су тасқынының алдын алу және авариялық-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Өңірдегі қазіргі ахуал туралы ОҚК алаңында БҚО ТЖД ресми өкілі Нұржан Төлеуіш баяндады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өңірлік ТЖД өкілінің мәліметінше, қазір Жайық өзеніндегі су деңгейі түсіп келеді. Көрсеткіш - 8 м 50 см. Яғни су қауіпті деңгейіне дейін түсті. Облыста халықты эвакуациялау, құлақтандыру, бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасып жатыр.

«Соңғы тәулікте 12 адам эвакуацияланды. Су тасқыны кезеңінде жалпы облыс бойынша 14 001 адам эвакуацияланды. Оның 5786-сы - балалар. 12 эвакуациялық пункте 2 447 адам орналасқан», - деді Нұржан Төлеуіш.

Жергілікті масштабтағы 6 төтенше жағдай жұмыс жасап жатыр. 1 млн текше метрден астам қар суы сорылып, 1,3 млн дана қапшық төселді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.