27.04.2024, 13:20
Жаңалықтар
Астанада депутаттар сенбілікке қатысып, 350 түп ағаш отырғызды
Депутаттар шырша, қарағай, емен және қайың көшеттерін отырғызды
Мәжіліс депутаттары мен Палата аппаратының қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты. Жалпы қалалық сенбілікте олар 350 түп ағаш отырғызды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Мәжіліс депутаттары мен Аппарат қызметкерлері Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің аумағын көгалдандыруға атсалысты. Жалпы қалалық сенбілік барысында депутаттар шырша, қарағай, емен және қайың көшеттерін отырғызды.

Сенбілік Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық бастамасы аясында ұйымдастырылып, еліміздің барлық өңірлерін қамтыды. Ал Астанада «Жасыл аймақ» деген атаумен өтіп жатыр.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
