Алматы облысында құқықбұзушылық күрт өсті

Azattyq Rýhy

Биыл 232 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізген

Алматы облысында құқықбұзушылық күрт өсті
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Алматы облысының полицейлері жыл басынан бері 140 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,4%-ға жоғары. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Өңір полицейлері жол қауіпсіздігі желісі бойынша 43 785 әкімшілік құқық бұзушылықтың және қоғамдық қауіпсіздік бойынша 22 443 құқық бұзушылықтың жолын кесті. Құқық бұзушыларға 1,5 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды, 471 адамға әртүрлі мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде жаза қолдану туралы қаулы шығарылды.

«Биыл 232 жүргізуші мас күйінде көлік құралдарын басқарғаны үшін жауапқа тартылды, оның 232-сі сотпен көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Сонымен қатар бейнетіркеу жүйелерімен 95 мыңға жуық жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтар тіркелді», – дейді ПД ӘПБ бастығының м.а. Еркебұлан Ахметов.

Жол-техникалық инспекция қызметкерлерімен 20 мың шақырымға жуық аумақты қамтитын жалпы пайдаланымдағы автожолдарға 445 тексеру жүргізіліп, 445 ақау анықталды. Тиісті органдарға бұзушылықтарды жоюға 445 ұйғарым берілді.

Жолдарды қанағаттанарлықсыз күтіп ұстағаны және жолдарда жұмыс жүргізу ережелерін бұзғаны үшін 4 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салумен 117 лауазымды және заңды тұлғалар жазаланды.

Полиция азаматтық және қызметтік қарудың айналымын бақылау, иелерінің қаруды сақтау, тіркеу және қайта тіркеу шарттарын уақтылы тексеру, тұрғындардан заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді тәркілеу, сондай-ақ атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстардың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биыл 5 357 азаматтық қару иесі тексеріліп, бұзушылықтары үшін 359 адам жазаланды.

«Бүгінде полиция департаменті халыққа 11 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Мәселен облыс полициясы процессингтік орталық желісі бойынша 42 мыңнан астам, жол-техникалық инспекциясының желісі бойынша – 342, қару айналымын лицензиялау және бақылау саласында – 2 734 қызмет көрсетілді. Нәтижесінде 90 мыңға жуық азамат жүгінді. Оның ішінде жүргізуші куәлігін беру бойынша – 12 мыңнан астам азамат, көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көліктің жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу мәселесі бойынша – 30 113 азамат, тапсырыс бойынша МТНБ беру – 102 және КҚ қайта жабдықтау туралы куәліктерді беру бойынша – 332 азамат бар», – деп толықтырды Е. Ахметов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.