$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында өрт сөндірушілердің костюмдері 8 айға кешіктіріліп жеткізілген

Мұндай жағдайда 30 күн ішінде сотқа жүгінуі керек

Павлодар облысында өрт сөндірушілердің костюмдері 8 айға кешіктіріліп жеткізілген
Фото: ҚР ТЖМ

Павлодар облысында өрт сөндірушілерге өртке қарсы костюмдер дер кезінде жеткізілмеген. Тауарлар кеш жеткізілген әрі қажетті анықтамалары болмаған. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, азаматтық істер жөніндегі сот алқасы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің «КК» ЖШС-ге қатысты мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану, тұрақсыздық айыбын өндіріп алу, шартты бұзу туралы талап қоюы бойынша апелляциялық істі қарады.

«Белгілі болғандай, тараптар арасында жалпы сомасы 25 724 160 теңгеге 87 дана полимерлі материалдан жасалған өртке қарсы костюмдерді жеткізуге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған. Шарт қазынашылық органында тіркелген, тауар 90 күнтізбелік күн ішінде, яғни 2023 жылдың 27 шілдесіне дейін жеткізілуі тиіс еді. Тауар жауапкермен 2023 жылдың 3 тамызында жеткізілген және сертификаттың болмауына байланысты тапсырыс берушімен қабылданбаған», – делінген хабарламада.

Заңға сәйкес, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу заңнамасының бұзылғанын анықтағаннан кейін 30 күн ішінде сотқа жүгінуі керек болатын. Алайда, талап қоюшы белгіленген мерзімде талап арыз бермеген, бұл талап арызды қанағаттандырудан бас тартуға әкелген.

Сонымен қатар, іс қаралғанға дейін талапкер біржақты тәртіпте шартты бұзған, сондықтан шартты бұзу туралы талап та қажетсіз деп қабылданбаған.

Нәтижесінде апелляциялық алқа шешімді өзгеріссіз қалдырды, ал талапкердің шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.

Алқаның қаулысы заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары