$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жайық пен Есілде су деңгейі көтеріліп жатыр – ТЖМ

Атырау, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстары бақылауда

Жайық пен Есілде су деңгейі көтеріліп жатыр – ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ

Жайық пен Есілде су деңгейі көтерілуі байқалады, мониторинг жүргізу жалғасып жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ТЖМ өкілінің айтуынша, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан өңірлеріне көмекке барған Төтенше жағдай, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінің күштері мен құралдары тұрақты орналасу орындарына қайтарылып жатыр.

«Жайық және Есіл өзендеріне судың келуіне байланысты Атырау, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстары бақылауда. Су деңгейінің көтерілуі байқалады, мониторинг жалғасуда», - деді Асқар Шәріп.

Бұған дейін су тасқыны салдарынан Барбастау-Ақжайық-Индер тас жолы жабылғанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары