26.04.2024, 09:51
Жаңалықтар
БҚО-да су басқан үйінде бірнеше күн бойы қалып қойған ер адам құтқарылды
Ер адам қауіпсіз жерге жеткізілді
Видео: polisia.kz
БҚО-да бірнеше күн бойы су басқан үйінде қалып қойған ер адамды құтқарлды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
БҚО полиция департаментінің басшылығы өз мүлкіне алаңдаған саяжай қоғамдары тұрғындарымен кездесу өткізуге барған. Сол кезде су басқан үйден ер адамды байқайды.
«Полиция қызметкерлерінің жұмысын бақылау және су басқан елді мекендерді тексеру барысында полицейлер саяжай қоғамында тұрып жатқан азаматты байқады.Ол өзінің су басқан үйінде бірнеше күн бойы болғаны белгілі болды. Ер адам құтқарылып, қауіпсіз жерге жеткізілді», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді