22.04.2024, 09:19
Жаңалықтар
Еліміздің 5 облысындағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды
Қазір республикалық жолдарда 315 техника мен 336 адам жұмылдырылған
Фото: istockphoto.com
5 облыстағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
«2024 жылғы 22 сәуірдегі сағат 9:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 5 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 4400 метр болатын су тасқыны болды», – делінген «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ хабарламасында.
5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 10 автомобиль жолдарында (ұзындығы – 552 шақырым) қозғалысқа шектеу қойылды.
Қазір республикалық жолдарда 315 техника мен 336 адам жұмылдырылған.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді