БҚО-ға бірқатар өңірден қосымша күштер мен құралдар келді
Құтқарушылар тәулік бойы жұмыстарды жалғастыруда

Батыс Қазақстан облысына Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Алматы, Маңғыстау қалалары мен Абай облысынан қосымша күштер мен құралдар келді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ күштері және құралдарымен Батыс Қазақстан облысы бойынша жұмыстар тәулік бойы жалғасуда.
Аймақтың Бәйтерек ауданы, Озерное елді мекенінде ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімінің күштері мен жергілікті атқарушы органдар бірлесіп кезекші тиегіштердің көмегімен қосымша үйінділермен нығайту бойынша жұмыстарын жүргізуде.
Өз кезегінде құтқарушылар тәулік бойы жұмыстарды жалғастыруда.
Мысалы күндіз саяжай алқаптарында қалып қойған адамдарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілсе, қазіргі уақытта олар қаптарды инертті материалдармен толтыру және төсеу бойынша жағалауды қосымша нығайту жұмыстарын жүргізуде.