14.04.2024, 10:50
Жаңалықтар
Байден: АҚШ Израильге Ираннан ұшырылған зымырандарды атып түсіруге көмектесті
Иран 150-ге жуық зымыран ұшырды
Фото: BBC
Америка Құрама Штаттары «Израильге Ираннан ұшырылған ұшқышсыз ұшақтар мен зымырандарды толықтай атып түсіруге көмектесті. Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байден мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.
Осы мақсатта Байден соңғы аптада АҚШ әскери ұшақтары мен зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі бар кемелерді аймаққа жібергенін мәлімдеді.
«Осы орналастырудың және біздің әскерлеріміздің ерекше шеберлігінің арқасында біз Израильге қарата ұшырылған ұшқышсыз ұшақтар мен зымырандарды толықтай атып түсіруге көмектестік.
Мен бұл шабуылдарды қатаң түрде айыптаймын», - деді Америка президенті.
Айта кетейік, Израильдің бірер апта бұрын жасаған шабуылына жауап ретінде Иран 150-ге жуық зымыран ұшырды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
