«Өмір бойына қамау үшін»: Айтбек Амангелді түсінде Салтанат аян бергенін айтты
Айтбек Амангелді сот аяқталған соң сұхбат беретінін айтты
Айтбек Амангелді түсінде Салтанат Нүкенова аян бергенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ол өз сөзінде сот аяқталған соң сұхбат беретінін мәлім етті.
«Салтанат соңғы рет түсіме қараша айының ортасында кірді. Бұл ұзақ әрі әрбір жайт анық көрінген түс болды. Желтоқсан айында бұл туралы Данаға «Дай Слово» подкастында айттым. Түсімде Салтанат маған бірнәрсе түсіндіргісі келді, сонда түсінгенім 1 санын екі рет көрдім.
11 қараша – жер қойнына тапсырған күн
11 наурыз – алғашқы алдын ала тыңдалым болған күн
11 наурыз – Салтанат заңы қабылданды.
10 алқаби және судья - өмір бойына қамау үшін қажетті 11 дауыс.
«Ары қарай не болмақ? Айтылмаған тағы бір нәрсе бар. Оны сот аяқталған соң айтамын», – деп жазды Айтбек Амангелді.