11.04.2024, 20:46
Жаңалықтар
ҰҚК Тараз қаласы полиция басқармасының екі қызметкерін ұстады
Құқық қорғау қызметкерлері пара алды деп күдіктелуде
Фото: Михаил Козачков/Telegram
Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаменті Полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп Тараз қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметінің екі қызметкерін ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ҰҚК мәліметінше, олар заңсыз келген шетел азаматтарына жалпы қамқорлығы үшін 500 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.
«Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды
14.08.2026, 15:50
Аптап ыстықтың беті қайта ма: алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті