$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістанда мәслихат депутаты Ақтөбеге 100 көрпе мен 300 күртеше жіберді

 Ақтөбе облысының тұрғындарына Түркістан өңірінің гуманитарлық көмегі жетті

Түркістанда мәслихат депутаты Ақтөбеге 100 көрпе мен 300 күртеше жіберді
Фото: "AMANAT" партиясының баспасөз қызметі

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Қалыйма Жантөреева жеке өз атынан қолдау көрсетіп, 100 түйе жүн көрпе, 300 дана жылы күртеше мен бейсболкаларды пойызбен жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Гуманитарлық көмектің жалпы құны 8 млн теңге. Киім-кешек пен көрпе Қобда ауданындағы эвакуациялау пункттеріне және тасқын судан зардап шеккен өзге де ауыл тұрғындарына таратылады.

«Бірнеше жыл бұрын Түркістан облысының Мақтарал ауданында орын алған су тасқынының салдарын жұрт болып жұмыла жүріп еңсерген едік. Бұл жолы да тілсіз жаудан зардап шеккен ағайынның ауыртпалығын халық теңдей бөлісіп жатыр», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары