Ертіс ауданында жағдай тұрақталып келеді
Қазір тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды су басу қаупі жоқ
Павлодар облысының Ертіс ауданында жағдай тұрақтанып келеді. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ертіс ауданы прокуратурасының мәліметінше, 3 сәуірде Ұзынсу аулың су басу қаупіне байланысты жергілікті атқарушы органдарымен «Атамекен-Ертіс-Русская Поляна» тас жолының учаскесін бұзу туралы шешім қабылданған болатын.
«Қазіргі уақытта жол қалпына келтірілді, тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды су басу қаупі жоқ. Жалпы, аудандағы су тасқыны жағдайы бақылауда, алаңдауға негіз жоқ, қоғамдық тәртіп пен заңдылық қамтамасыз етілген», – деді прокуратурада.
Зақымдалған мүлік Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен арнайы Ережеге сәйкес қалпына келтіріледі немесе өтеледі (№2014 жылғы 19 желтоқсандағы 1358).
Аудан әкімі басқаратын су тасқынына қарсы жедел штаб жұмысын жалғастыруда, оның құрамына аудан әкімдігі, төтенше жағдайлар бөлімі, полиция, басқа да мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшылығы кіреді.