Павлодар облысында әйел адам үш баласына 7 млн теңге алимент төлемеген

Azattyq Rýhy

Облыста алимент төлеуден қашып, өз баласынан бас тартқысы келетіндердің саны артып барады

Павлодар облысында әйел адам үш баласына 7 млн теңге алимент төлемеген
Фото: freepik

Жыл басынан бері алимент төлеуден жалтарған 91 адам анықталды. Борышкерлердің 7 автокөлігі айыппұл тұрағына қойылды. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Ertistv.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, облыста алимент төлеуден қашып, тіпті өз баласынан бас тартқысы келетіндердің саны артып барады. Полиция қызметкерлері алимент төлемей жалтарып жүрген ата-аналарды анықтау үшін іс-шараларды тұрақты жүргізеді.

«Жыл басынан бері алимент төлеуден жалтарған 91 адам анықталды. Борышкерлердің 7 автокөлігі айыппұл тұрағына қойылды. Мысал үшін, ажырасқаннан кейін кәмелетке толмаған қызын тәрбиелеуге араласуды тоқтатқан 35 жастағы борышкер Қарағанды облысынан табылды. Оның қарызы 3,5 миллион теңгені құрайды. Сондай-ақ, үш баласына қарамаған 42 жастағы әйелдің де жеке басы анықталды. Оның борышы 7 млн теңгеден асады», - деп атап өтті Павлодар облысы Полиция департаменті көші-қон қызметінің аға инспекторы Руслан Тұрмағанбетов.

Айта кетейік, алимент төлеуден жалтарғандарға қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.