$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе облысында 1000-нан астам үй су астында қалды

Эвакуацияланған 1518 адам уақытша орналастыру пунктеріне орналастырылды

Ақтөбе облысында 1000-нан астам үй су астында қалды
Фото: ҚР ТЖМ

Ақтөбе облысында халықты және аумақты су тасқынынан қорғау және авариялық-құтқару жұмысы қызу жүріп жатыр. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік мәліметінше, облыс аумағында 1053 үйді су басты.

Эвакуацияланған 1518 адам уақытша орналастыру пунктеріне орналастырылды, 5858 адам туыстарында. 10663  бас мал қауіпсіз жерлерге айдалды.

«Өткен тәулікте, тәуліктің түнгі уақытын қоса алғанда, қауіпті учаскелерде шамамен 100 дана қап және 100 тонна инертті материал төселді, 2630 м3 текше метр су сорылды.

Авариялық құтқару жұмыстарына 349  адам, 57 техника, 16 су сору құрылғысы және 5 жүзу құралы жұмылдырылды.

Мүдделі қызметтер мен ұйымдардың қатысуымен республикалық және облыстық жедел штабтар – ЖАО, Қазсушар, Қазавтожол тәулік бойы жұмысты жалғастыруда», - делінген ведомство хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары