«Бірде-бір адам ескерусіз қалмайды»: Президент су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы айтты

Azattyq Rýhy

Су тасқынымен күресуге Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық ресурсы тартылды

«Бірде-бір адам ескерусіз қалмайды»: Президент су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы айтты
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты үндеу жариялап, атқарылып жатқан іс-шаралар туралы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Президенттің айтуынша Премьер-Министрдің басшылығымен Республикалық штаб құрылды. Премьер-Министрдің өзі, оның орынбасарлары және Төтенше жағдайлар министрі апат болған аймақтарды аралап жүр. Барлық құтқару жұмыстары Мемлект басшысының тікелей бақылауында.

«Су тасқынымен күресуге Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық ресурсы тартылды. Сондай-ақ құтқару жұмыстарына Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Қарулы Күштер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары белсене атсалысып жатыр. Зардап шеккен аймақтардың әкімдіктері күндіз-түні жұмыс істеуде. Ондаған мың волонтер де көмектесіп жүр.

Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы.

Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі», - деді Президент.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.