$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев су тасқынына байланысты гуманитарлық көмек көрсеткен Қырғызстан халқына алғыс айтты

Екі елдің президенттері халықаралық және өңірлік күн тәртібі бойынша пікір алмасты

Тоқаев су тасқынына байланысты гуманитарлық көмек көрсеткен Қырғызстан халқына алғыс айтты
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты бауырлас елдің көрсеткен көмегі үшін Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқына алғыс айтты. Сондай-ақ бұл гуманитарлық көмек екі ел арасындағы шынайы достықты, тілеулестікті және тығыз одақтастық қарым-қатынасты білдіретінін атап өтті.

Мемлекеттер басшылары қазақ-қырғыз қатынастары барлық бағытта қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. 

Әңгімелесу барысында президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібі бойынша пікір алмасты.

Қырғызстан Президенті жақын арада Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келетінін растады.

Серіктес жаңалықтары