03.04.2024, 08:20
Жаңалықтар
Жаңа оқу жылында 1-сыныпқа қанша оқушы барады
Бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 31 тамызда аяқталады
Фото: istockphoto.com
Жаңа оқу жылында 370 мыңға жуық қазақстандық бала бірінші сыныпқа барады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сәйкес биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.
«Ата-аналар баланың құжаттарын электрондық үкіметтің еgov.kz. веб-порталы арқылы тапсыра алады. Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 370 мыңнан астам бала барады деп күтілуде», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
