03.04.2024, 15:41
Жаңалықтар
Алматыда 15 жастағы қыз жоғалып кетті
Оны туыстары мен еріктілер іздеп жатыр
Фото: instagram.com/volontery_almaty_lider.kz/
Алматыда 15 жастағы қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «LIDER.KZ» еріктілерінің Instagram парақшасына сілтеме жасап.
Еріктілердің мәліметінше, Ардақ Маманбаева 2 сәуір күні сағат 18:00 шамасында Бостандық ауданындағы Гагарин даңғылы, 311 А мекен-жайынан шығып, сол күйі оралмаған. Сол күні ол капюшоны бар қоңыр жемпір мен қоңыр шалбар киген, аяғында сұр кроссовка болған.
Қыздың бойы 165 см, орта денелі, шашы қара, ұзын, алдыңғы бір бөлігі жасыл түске боялған. Сондай-ақ Ардақтың есту, көру қабілеті нашар.
Еріктілер қыз баланы көрген-білгендер болса мына телефон нөмірлеріне хабарласуын сұрайды: +7 701 375 9291; +7 705 105 3131; немесе 102.
Көп оқылған
02.04.2026, 15:48
Екі бала қоршаудан әрі ұшып кеткен: Талдықорғанда жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)
02.04.2026, 13:13
Табысынан шығыны көп қазақстандықтар енді 10 пайыз салық төлеуі мүмкін
02.04.2026, 11:28
Юпитерден энергия алу идеясын ұсынған: қазақстандық оқушылар әлемдік байқауда жеңіске жетті
02.04.2026, 14:58
Павлодарда ер адам досын қорғаймын деп пышақ жарақатынан қаза тапты