02.04.2024, 23:13
Жаңалықтар
СҚО-да жер үй өртеніп, екі бала қайтыс болды
Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз
Фото: СҚО ТЖД баспасөз қызметі
Солтүстік Қазақстан облысында жер үй өртеніп, оқиға орнынан екі баланың денесі табылды. Бұл туралы СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖД мәліметінше, «101» қызметіне 1 сәуір күні сағат 10.11 минут кеткенде Есіл ауданындағы Ильинка елді мекенінде тұрғын үйдің өртенгені туралы хабар түседі.
Өрт сөндірушілер жеткенге дейін тұрғындар оқиға орнынан сегіз және екі жасар баланың денесін тапты.
Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыды. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды