02.04.2024, 21:48
Жаңалықтар
Татарстанға шабуыл жасаған құрылғылар Қазақстаннан ұшырылған жоқ - Қорғаныс министрлігі
Мұндай жалған мәлімет Қазақстан Республикасының беделін түсіруге бағытталған
Фото: istockphoto.com
ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі кейбір Telegram-арналарда Татарстан Республикасының объектілеріне шабуыл жасаған ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың Қазақстан аумағынан ұшырылғаны туралы жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайтынын нақтылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мұндай жалған мәлімет Қазақстан Республикасының беделін түсіруге бағытталған. Осыған байланысты азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарына таралған қауесеттерге мән бермеуін және тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз», - деп мәлімдеді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды