$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы су тасқыны болуы мүмкін учаскелерді тексерді

Өңір басшысы қорғаныс бөгеттерін нығайту және ұлғайту жөніндегі жұмыстар жалғасуы тиіс екенін атап өтті

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы су тасқыны болуы мүмкін учаскелерді тексерді
Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылындағы су тасқынына қарсы жұмыстарды тексерді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Халықтың алаңдаушылығын тудыратын учаскелердің бірі - Тайтөбе ауылының аумағында орналасқан Нұра өзенінің жағалауы. Мұнда Мүсірепов көшесінің бойында ұзындығы шамамен 1 км, биіктігі 1,5 метрден асатын қорғаныс бөгеті тұрғызылды, 300 қап дайындалды. 3-шағын ауданда қорғаныс жер үйіндісін нығайту бойынша жұмыстар атқарылды.

Өңір басшысы қорғаныс бөгеттерін нығайту және ұлғайту жөніндегі жұмыстар жалғасуы тиіс екенін атап өтті.

​«Біздің басты мақсатымыз – аула аумақтарын, үйлерді және тұрғындардың мүлкін су басуына жол бермеу. Олардың алдын алу бойынша барлық жұмыстарды жүргізу қажет. Сондықтан жұмысты жалғастырыңыздар. Қорғаныс бөгеті алдағы жылдарға да сенімді болуы тиіс», - деді облыс әкімі.

Серіктес жаңалықтары