$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Су тасқынынан зардап шеккендердің несие төлеу мерзімі кейінге шегеріледі

Тиісті тізімдерді әкімдіктер шығарады

Су тасқынынан зардап шеккендердің несие төлеу мерзімі кейінге шегеріледі
Фото: istockphoto.com

Қазақстандық екінші деңгейлі банктер су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға несие бойынша борышын өтеу мерзімін кейінге қалдыруға мүмкіндік бермек, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығына сілтеме жасап.

Қауымдастықтың хабарлауынша, банктер су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған жеке және заңды тұлғаларға несие бойынша борыштарын өтеу мерзімін 2024 жылдың 1 сәуірінен 30 маусымына дейін кейінге қалдыруға дайын екенін растады.

Тиісті тізімдерді әкімдіктер шығарады. Бұл тізімдерге кірген азаматтарға төлемді кешіктіргені үшін айыппұл мен өсімпұл салынбайды.

Жақын арада банктер өз сайттарында және әлеуметтік желілерде кейінге қалдырылған борышты өтеу бойынша мерзімді ұзартуды ұсынудың нақты механизмдерін, сондай-ақ өтінімдерді беру алгоритмін және одан кейінгі әрекеттерді жариялайды.

Серіктес жаңалықтары