01.04.2024, 21:20
Жаңалықтар
Ақтауда 650 млн теңгені алаяқтық жолмен жымқырған тұрғын ұсталды
Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды
Фото: istockphoto.com
Ақтауда ІІБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері адамдарды алдап соғып, 650 млн теңгені жымқырған 33 жастағы қала тұрғынын қамауға алды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде қолға түскен күдікті қаланың 17 шағынауданда салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй кешендерінің біріндегі пәтерлерді заңсыз сатумен айналысқаны анықталып отыр.
«Күдікті 650 млн теңгені алаяқтық жолмен жымқырған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», - делінген ПД хабарламасында.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы