$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе облысында 750-ден аса үй су тасқынынан зардап шекті

Өңірде биыл 10-нан астам өзен арнасынан асты

Ақтөбе облысында 750-ден аса үй су тасқынынан зардап шекті
Фото: Polisia.kz

Ақтөбе облысында Елек, Жем, Торғай, Ырғыз, Ойыл, Қарақобда, Үлкен Қобда, Темір, Тамды, Қауылжыр, Ор өзендері көтеріліп, ауылдарды су басқанда 5 аудан және облыс орталығы Ақтөбе қаласында төтенше жағдай жарияланды. Апаттан 753 тұрғын үйге, 10 әлеуметтік нысанға, саяжайдағы 99 үйге су кірді. Бұл туралы Azattyq Ruhy облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе облысында биыл 10-нан астам өзен арнасынан асты. Салдарынан 753 тұрғын үй, 10 әлеуметтік нысанды су басты.

«187 аула мен 99 саяжай үйі зақымданды. Су тасқынына қарсы шараларға жеке құрамның 3 мыңнан астам қызметкері тартылды. Оның ішінде Маңғыстау облысының 52 қызметкері және Төтенше жағдайлар министрлігінің қолдауымен Алматы қаласынан келген 20 құтқарушы бар. 647 техникадан бөлек, іздестіру-құтқару жұмысына Қорғаныс министрлігінің алты тікұшағы жұмылдырылды. Су тасқыны салдарынан 6908 адам қауіпсіз орындарға көшірілді», — деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ал Ырғыз ауданындағы 4 елдімекенді су басу қаупі бар. Қазір төтенше жағдай жарияланған аймақтарда комиссиялар құрылды. Штабқа жауаптылардың байланыс телефондары жарияланды.

Серіктес жаңалықтары