$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қосшыда мәслихат депутатын сайлау өтіп жатыр

Дауыс беру барысында заңбұзушылықтар болған жоқ

Қосшыда мәслихат депутатын сайлау өтіп жатыр
Фото: Қосшы қаласының әкімдігі

Ақмола облысы Қосшы қалалық мәслихатының №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына №743 сайлау учаскесінде кандидаттарды сайлау үшін дауыс беру жүріп жатыр. Сайлау комиссиясының мүшелігінде 7 адам қызмет көрсетеді. Аумақта жалпы саны 1400 сайлаушы бар. Дауыс беру бүгін, 31 наурыз күні сағат 07.00-де басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Шығып қалған депутаттың орнына 4 үміткер сайлауға түсіп жатыр. Оның үшеуі – өзін-өзі ұсынушылар да, біреуі – Қазақстан халық партиясының өкілі.

Сайлау учаскесінің төрағасы Қайсар Сейфуллиннің айтуынша, дауыс беру барысында заңбұзушылықтар болған жоқ. Бәрі заңға сәйкес, қалыпта жағдайда өтіп жатыр.

«Сағат 07.00-ден бастап жұмысымызды бастап кеттік. Қазір учаскеде 4 үміткердің де сенімді өкілдері отыр. Қоғамдық ұйымдар тарапынан бақылаушылар бар. Сайлау процедурасы толықтай заңмен белгіленген тәртіпте, ешқандай кедергі-келеңсіздіктерсіз өтіп жатыр. Дауыс беру кешкі 20.00-ге дейін жалғасады», – деді №743 сайлау учаскесінің төрағасы Қайсар Сейфуллин.

Демалыс болғандықтан, жұрттың қарасы қалың емес. Бұған қоса, қаланың су тасқынынан зардап шеккен тұстары да жоқ емес. Дегенмен күннің ертелігіне және төтенше жағдайға қарамастан, оншақты адам келіп, дауыс беріп кетті.

«Қазір қыс бітіп, көктем келіп, жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін нағыз талмаусырау шағы. Оның үстіне көше-көшелерден аққан қар суынан жұрт үй-аулаларын қорғаймыз деп жанталасып жүгіріп жүр. Бірақ тіршіліктің бір таусылмайтын түйіткілі өз алдына, оны күнделікті көріп жүрміз, ал сайлау ел өмірінде маңызы бар аса елеулі оқиға, сондықтан басқа күйбеңнің бәрін жиып қойып, дауыс беру үшін ертелетіп әдейі келдік», – деді дауыс беруші Дәметкен Оразбаева.

Серіктес жаңалықтары