Ресейдегі лаңкестік шабуыл: зардап шеккендер 550 адамнан асты
Террорлық шабуылдан 144 адам қайтыс болды
Ресейдегі лаңкестік шабуылдан қаза болғандар мен зардап шеккендер саны 551 адамға (оның ішінде 15 бала) жетті, деп мәлімдеді Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі. Бұл туралы Azattyq Ruhy агентті DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Террорлық шабуылдан 144 адам қайтыс болды деп ресми танылды, оның бесеуі – бала.
29 наурызда лаңкестік әрекеттің салдарынан 382 адам зардап шеккені хабарланған.
Крокустағы терактіге қатысты қылмыстық іс аясында тоғыз адам қамауға алынды.
29 наурызда Крокус Сити Холлдағы терактіге қатысты тоғызыншы күдікті де қамауға алынды. Болжам бойынша, ол лаңкестерді қаржыландыруға қатысы бар болуы мүмкін. Қылмыстық іс аясында барлығы 9 адам қамауға алынды.
Шабуыл үшін жауапкершілікті ИГИЛ лаңкестік ұйымы өз мойнына алды.