$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағанды облысында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер анықталды – прокуратура

Көші-қон процесін бақылау өзекті мәселелердің бірі болып саналады

Қарағанды облысында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер анықталды – прокуратура
Фото: freepik.com

Қарағанды облысының прокуроры Бауыржан Мырзакеровтің төрағалығымен Үйлестіру кеңесінің уәкілетті органдар тарапынан көші-қон заңнамасы нормаларының сақталуы мәселелеріне қатысты кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Azattyq Ruhy облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шараға облыстық соттың судьялары, облыс әкімдігінің өкілдері, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ облыстың басқа да мемлекеттік органдарының басшылығы қатысты.

«Бүгінгі таңда көші-қон процесін бақылау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Прокуратура органдары облыс аумағында тиісті рұқсатсыз жұмыс істеп жүрген шетелдік азаматтарды анықтады.

Кеңес мүшелері уәкілетті органдардың жұмысындағы кемшіліктерді, сондай-ақ елден шығару туралы сот актілерін орындау және елде болуға рұқсат алу кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді талқылады. 

Прокуратураның үйлестіруімен шетел азаматтары уақытша тіркелген орындарды тексеру, халықпен профилактикалық жұмыстарға қоғам мен БАҚ-ты кеңінен тарту шараларын жүргізу жоспарланды.

Үйлестіру кеңесінің шешімімен көші-қон сұрақтары бойынша өзара іс-қимыл мәселелерін шешудің ведомствоаралық кешенді жоспарын әзірлеу ұсынылды», - делінген ведомство хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары