$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қиналғанға қол ұшын созу – ең басты парыз»: Димаш Құдайберген зардап шеккендерге көмектесуге шақырды

Көптеген отбасылардың баспанасы тұруға жарамсыз болып қалған

«Қиналғанға қол ұшын созу – ең басты парыз»: Димаш Құдайберген зардап шеккендерге көмектесуге шақырды
Фото: Azattyq Ruhy

Танымал әнші, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген су басқан өңірлердегі зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Әнші өз сөзінде көптеген отбасылардың баспанасы тұруға жарамсыз болып қалғанын ерекше атап өтті.

«Наурыздың соңғы күндері күн күрт жылынып, Ақтөбе облысы аймағында және еліміздің тағы бірқатар өңірінде тез еріген қар суы қарқынды түрде сай-саланы толтырып, автокөлік жолдарын шайып, бірнеше елдімекенді су басыпты. Көптеген отбасылардың баспанасы тұруға жарамсыз болып қалған. Сондай-ақ Ақтөбе аймағында өзендердегі мұз еріп, су қоймаларындағы су деңгейінің көтеріліп, өзендердің арнасынан асу қаупі жоғары екен», - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Димаш сөз арасында қиналғанға қол ұшын созу ең басты парыз екенін айтып өтті.

«Мұның себеп, салдарын құзырлы мекемелер анықтап, мәселенің түйінін шешу жолдарын іздестіре жатар. Мемлекет тарапынан үйлерін су шайып кетіп, далада қалған ағайынға толыққанды көмек көрсетілетініне сенім мол.

Тап қазіргі сәтте қиналғанға қол ұшын созу – ең басты парыз.

«От пен су – тілсіз жау» – қысылтаяң сәтте бауырларымызға қол ұшын созып, бірлігімізді көрсетейік, ағайын!» - деді Димаш Құдайберген.

Серіктес жаңалықтары