Дауылды ескерту: кей өңірлердегі өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін

Azattyq Rýhy

Республиканың басым бөлігінде ауа райы жаңбырлы болмақ

Дауылды ескерту: кей өңірлердегі өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін
Фото: Azattyq Ruhy

Қазгидромет дауылды ескерту жариялап, өңірлердегі ауа райының болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

30-31 наурыз аралығында Түркістан облысының таулы және тау етегіндегі аудандарда қатты жауын-шашын болжамына байланысты беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі. Сонымен қатар автожолдардың, тұрғын елді мекендердің және шаруашылық құрылыстарда судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

30 наурыз – 02 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының аумағында негізінен жаңбыр түрінде жауын-шашын мен жоғарғы температуралық фон болжамына, сондай-ақ қардың қарқынды еруі жалғасуына байланысты, облыстардың өзендерінде су деңгейінің көтерілуі мен мұз режимінің әлсіреуі, еріген қар суы мен беткейлік ағындардың қалыптасуы күтіледі.

Бұл ретте автожолдарды, тұрғын елді мекендерді және шаруалық құрылыстарды еріген қар суы басуы мен су жайылуы мүмкін.

30 наурыз бен 5 сәуір аралығында Ақмола облысында әсіресе Көкшетау қаласында, сондай-ақ Астрахан, Сандықтау, Атбасар, Жақсы, Есіл, Жарқайың, Шортанды және Зеренді аудандарында ауа райының жылы болуы мен аралас жауын-шашын болжамына байланысты қардың қарқынды еруі күтіледі. Бұл ретте судың жайылуы мен су басуы, су деңгейінің қауіпті деңгейге дейін көтерілуі және одан асып кету қаупі сақталады. Сондай-ақ елді мекендер мен шаруашылық құрылыстарды су басуы мүмкін.

30-31 наурыз 1 сәуір аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен елді мекендерді су басуы мүмкін.

30 наурыз – 1 сәуір аралығында Алматы облысындағы Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына және қатты жауын-шашын күтілуіне байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.

30 наурызда Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

30 наурызда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жауын, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с.

30 наурызда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (көбінесе қар), күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 30 наурызда түнде және таңертең жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ күтіледі.

30-31 наурыз аралығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында баурайлық ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

30 наурызда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Орал қ.: 30 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

30 наурызда Ақтөбе облысында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстікке ауысады, түнде облыстың орталығында, батысында екпіні 16 м/с күтіледі.

30 наурызда түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 30 наурызда түнде және таңертең жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

30 наурызда түнде Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе қар), күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.

30 наурызда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.

30 наурызда түнде Абай облысында жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Семей қ.: 30 наурызда жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

30 наурызда түнде Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. Өскемен қ.: 30 наурызда жаңбыр күтіледі.

Жел 30 наурызда түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ: 30 наурызда түнде және таңертен жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі.оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

30 наурызда түнде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 30 наурызда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.