Ақтөбе облысының Ш.Берсиев ауылының тұрғындарына үш тікұшақ жіберіледі

Azattyq Rýhy

Елді мекендегі мектепке 356 адам уақытша орналастырылған

Ақтөбе облысының Ш.Берсиев ауылының тұрғындарына үш тікұшақ жіберіледі
Фото: Қорғаныс министрлігі

Ақтөбеден Ойыл ауданының Қаратал ауылдық округі Шығанақ Берсиев ауылына қажетті азық-түлік, гигиеналық заттар, киім-кешек пен көрпе-төсек сияқты гуманитарлық көмек тиелген тікұшақтар ұшады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Еріген қар суы басқан ауыл тұрғындарына шұғыл көмек көрсету және эвакуациялау үшін мамандар бара жатыр. Атап айтқанда, Ми-8 тікұшақтарының бортында Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері институтының ұшқыштары, медицина қызметкерлері, психологтардан құралған құтқарушылар тобы бар», - делінген хабарламада.

Айтып өтейік, елді мекендегі мектепке 356 адам уақытша орналастырылған. Оның ішінде ересектердің саны – 262, ал балалар саны – 94. Алғашқы медициналық көмекке мұқтаж тұрғындар жоқ. Тамақтандыру мәселесін ауыл кәсіпкері Назгүл Ешпанова мойнына алған.

 

Айта кетейік, аудан бойынша бүгіннен бастап жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.

Бүгінгі күні Екпетал ауылын толық су басты, Қаратал, Қарасу, Амангелді, Қарасу, Көптоғай ауылдарына үлкен қауіп төндіруде.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.