$ 518.07  595.21  6.37
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісу облысында кәсіпкерлерге 50 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды

Заңбұзушылықтарға жол берген 30 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Жетісу облысында кәсіпкерлерге 50 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Жетісу облысында прокурорлар кәсіпкерлерге 50 млн теңгеден астам қаражатты қайтарып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық прокуратура мәліметінше, 160-тан астам кәсіпкердің құқығы қорғалып, оларға орындалған шарттар бойынша тиісті ақшалай қаражат қайтарылды.

«Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарына сәйкес енгізілген кепілдік сомалар кәсіпкерлерге өз міндеттемелерін орындағаннан кейін бірден қайтарылуы тиіс болатын. Алайда облыстың медициналық мекемелер міндеттемелердің уақытылы орындалуына қарамастан бір жылдан астам уақыт ішінде 50 млн теңге көлемінде тиесілі соманы қайтармаған», - делінген ведомство хабарламасында.

Қадағалау актісі бойынша кәсіпкерлерге ақшалай қаражат қайтарылды, ал заңбұзушылықтарға жол берген 30 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.

Серіктес жаңалықтары