$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ресейде теракт кезінде ғимаратта 5 мыңнан астам адам болған

Соңғы мәліметтер бойынша, шабуылдан 137 адам қаза тапты

Ресейде теракт кезінде ғимаратта 5 мыңнан астам адам болған
Фото: The Moscow times

Мәскеуде жұма күні кешке «Крокус Сити Холл» ғимаратында болған теракт кезінде нысанда 5 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

«Ғимараттан 5 мың адам эвакуацияланды, өрт сөндірушілер сөндіру кезінде тағы 100 адамды жертөледен және шатырдан құтқарды», — деді агенттікке сұхбат берген адам.

Соңғы мәліметтер бойынша, шабуылдан 140 адам қаза тапты, оның ішінде атыстан кейін болған қатты өрттің түтінінен уланғандар да бар.

Тергеу комитеті тексерудің басталғанын, оның ішінде қалай эвакуацияланғанын және «Крокус Сити холлдан» шыққандардың жағдайы қандай болғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, Мәскеудегі «Крокус Сити Холлда» болған қанды шабуылға байланысты төрт күдікті екі айға қамауға алынды, оларға ұйымдасқан топтың құрамында шабуыл жасады деген айып тағылды.

Серіктес жаңалықтары