Мәскеудегі қанды шабуыл: ұсталған төрт күдікті екі айға қамауға алынды
Соңғы мәлімет бойынша, шабуылдан қаза тапқандар саны 137-ге жетті
Мәскеудегі «Крокус Сити Холлда» болған қанды шабуылға байланысты төрт күдікті екі айға қамауға алынды, оларға ұйымдасқан топтың құрамында шабуыл жасады деген айып тағылды. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Мәскеудің Басман соты олардың кінәсін толық мойындағанын мәлімдеді. Төртеуі де соққыға жығылғаны байқалады, біреуі басын байлаған күйде, екіншісі арбамен сотқа жеткізілді.
Далерджон Мирзоев, Муродали Рачабализод, Мухаммадсобир Файзов және Шамсидин Фаридуни тергеу амалымен 22 мамырға дейін қамауға алынды.
Олардың барлығы ұйымдасқан топтың құрамында болып, қанды шабуыл жасады деп айыпталып отыр.
Мирзоев пен Рачабализ кінәсін мойындады, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Тергеу мәліметтері бойынша, төртеуі де 130-дан астам адам қаза тапқан «Крокус Сити холлға» шабуылдың тікелей қатысушылары болды.
Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша, шабуылдан қаза тапқандар саны 137-ге жетті.