Кейт Миддлтонға қатерлі ісік диагнозы қойылды
Ол қазір химиотерапиядан өтіп жатыр
Уэльс ханшайымы Кейт Миддлтонға қатерлі ісік диагнозы қойылды. Ол қазір химиотерапиядан өтіп жатыр. Бұл туралы Кенсингтон сарайы жариялаған ресми мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қатерлі ісік қаңтарда жоспарланған отадан кейін жасалған сынақ нәтижесінде анықталды.
«Қаңтар айында Лондонда ішіме күрделі ота жасалды. Ол кезде менде онкология жоқ деп есептелген болатын. Операция сәтті аяқталды. Алайда операциядан кейінгі сынақтар қатерлі ісік бар екенін көрсетті. Сондықтан менің медициналық командам профилактикалық химиотерапия курсынан өтуге кеңес берді және мен қазір бұл емдеу процесінің бастапқы кезеңіндемін», - деді Уэльс ханшайымы.
Кейт диагнозын білгеннен кейін үзіліс алғанын айтты. Себебі ол болып жатқан жайтты саралап, диагнозы туралы балаларына жеткізуі керек болған.
Ханшайым толық сауығып кеткеннен кейін корольдік міндеттеріне оралуды жоспарлап отыр.