Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы ұзын-сонар кезек: ҰҚК жағдайды түсіндірді

Azattyq Rýhy

Мемлекеттік шекара арқылы өткізу штаттық режимде жүзеге асырылады

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы ұзын-сонар кезек: ҰҚК жағдайды түсіндірді
Фото: gov.kz

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пунктеріндегі ахуал белгілі болды. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚР ҰҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«ҚР ҰҚК Шекара қызметі Өзбекстан Республикасымен шекарадағы өткізу пункттерінің алдында Қазақстан Республикасынан шығуға адамдардың, көлік құралдарының жиналуы байқалатынын хабарлайды. Бұл «Наурыз мейрамын» мерекелеу кезеңінде елімізден басым бөлігі шетелдік азаматтардың шығуына, сондай-ақ «Қапланбек», «Тәжен», «Атамекен» және «Қазығұрт» өткізу пунктерінің қайта жаңартылуына байланысты», - делінген ақпаратта.

Мемлекеттік шекара арқылы өткізу штаттық режимде жүзеге асырылады, өткізу пунктеріндегі жағдайды бақылау бойынша шаралар қабылданды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.