$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Күмәнді қоңырау, жалған хабарлама: алаяқтардың тәсілдері қандай?

Прокуратура интернет-алаяқтықтың түрлі тәсілдерінің бар екендігі туралы ескертті

Күмәнді қоңырау, жалған хабарлама: алаяқтардың тәсілдері қандай?
Фото: depositphotos/Syda_Productions

Павлодар облысында интернет-алаяқтықпен күрес жолдары талқыланды. Облыс прокуратурасы құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер өкілдерінің қатысуымен интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша ведомствоаралық кеңес өткізді. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Талқылау барысында құқық қорғау органдары мен банктердің қауіпсіздік қызметтерінің, оның ішінде жедел ақпарат алмасу бойынша өзара іс-қимыл алгоритмі әзірленді. Интернет-алаяқтықпен және басқа да қоғамдық қауіпті әрекеттермен күрес бойынша профилактикалық іс-шараларды іске асыру бойынша жұмыс тобы құрылды.

Жалпы, уәкілетті органдармен бірлесіп, «кредиттік» алаяқтық фактілерінің жолын кесу және анықтау бойынша кең ауқымды профилактикалық жұмыс басталды.

Облыс прокуратурасы интернет-алаяқтықтың түрлі тәсілдерінің бар екендігі туралы ескертеді:

  • құқық қорғау органдарының, банктердің және ұялы байланыс операторларының «жалған» қызметкерлерінен қоңыраулар;
  • онлайн-сатып алулар, оның ішінде мобильді қосымшалар арқылы;
  • лотореядағы ықтимал ұтыстар туралы қоңыраулар және т.б.; 
  • қолма-қол ақшаны көбейту туралы жалған инвестициялар.

Прокурорлар кез келген күмәнді қоңыраулар болғанда әңгімені дереу үзіп, түсініктеме алу үшін «102» нөміріне қоңырау шалуға кеңес береді.

Серіктес жаңалықтары