Атыраудағы сауда орталығында насыбайды заңсыз сатқан шетел азаматы ұсталды
Шетелдіктен арнайы пакетке салынған 340 насыбай алынды
Атыраудағы сауда орталығында насыбайды заңсыз сатқан шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 18 наурыздан бері «Насыбай» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.
«Іс-шараның мақсаты – темекі өнімдеріне жатпайтын насыбайды сатуға тиым салу. Насыбайды заңсыз саудалаудың жолын кесу. Атырау қаласындағы Авангард шағын ауданында орналасқан сауда орталықтарының бірінде Өзбекстан Республикасы азаматының насыбайды заңсыз сатқаны анықталды. Шетелдіктен арнайы пакетке салынған 340 насыбай алынды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір заңсыз саудамен айналысқан 29 жастағы шетелдікке қатысты тиісті іс құжаттары жинақталып жатыр.