$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жазушы Медеу Сәрсеке 88 жасында дүниеден өтті

Қаламгер төл әдебиетте өндіріс тақырыбының жаңа белеске көтерілуіне айрықша үлес қосқан

Жазушы Медеу Сәрсеке 88 жасында дүниеден өтті
Фото: semeylib.kz

Қазақтың белгілі жазушысы, «Құрмет» орденінің, сондай-ақ «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері Медеу Сәрсеке 88 жасында дүниеден өтті. Жазушының қазасы жайлы ақын Дәулеткерей Кәпұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Медеу Сәрсеке ағамыз да мына жарық жалғаннан көшкен екен. Алдынан жарылқасын», - деп жазды Дәулеткерей Кәпұлы.

Медеу Сәрсеке Семей облысы, бұрынғы Абыралы ауданына қарасты Қайнар ауылында 1936 жылы 2 қаңтарда дүниеге келген.

Еңбек жолын «Лениншіл жас» газетінен бастаған. Ол мұнда 1958-59 жылдарда әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып еңбек еткен.

Инженер қаламгер төл әдебиетте өндіріс тақырыбының жаңа белеске көтерілуіне де айрықша үлес қосты.

«Ғажайып сәуле» (1959), «Көрінбестің көлеңкесі» (1960), «Жетінші толқын» (1964), «От және атом» (1965) повестері жас жеткіншектерге арналған. Өндіріс адамдары жайлы «Жеті жылдықтың жігіттері» очерктер кітабы (1961), «Қаз қайтқанда» (1968), «Айшықты мезет» (1969) деректі повестері жарияланды.

«Сәтбаев», «Ебіней Бөкетов» (2005) атты деректі ғұмырнамаларын (1980, 1989), «Шығыс хикаясы» пьесасын (1971), «Жаңғырық» (1979), «Көмбе» (1985) романдарын жазды. А.Беляевтің «Қос мекенді адам» романын қазақ тіліне аударған.

Серіктес жаңалықтары