Маңғыстаудағы тарихи ескерткіштер ЮНЕСКО тізіміне енгізілмек

Қазір өңірде 590 ескерткіш мемлекеттің қорғауына алынған

Маңғыстаудағы тарихи ескерткіштер ЮНЕСКО тізіміне енгізілмек
Фото: mangystau.inmap.kz

Маңғыстаудан ЮНЕСКО тізіміне 6 тарихи-мәдени ескерткіш енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Олар – «Шопан ата», «Шақпақ ата», «Қараман ата», «Сұлтан үпі» және Оғландыдағы «Бекет ата» жер асты мешіті мен археологиялық «Қызыл қала» қалашығы. Енді әр қайсысы туралы мәліметтер жинақталып, құзырлы министрлік Юнесконың зерттеу орталығына тапсырылмақ. Содан бастап, жер асты мешіттерінің жағдайы тексеріліп, экспедициялар өткізіледі. Мамандар бұл жұмыстарға шамамен 1-2 жыл кетеді деп отыр. Қазір Маңғыстауда 590 ескерткіш мемлекеттің қорғауына алынған. Соның 20-сы республикалық маңыздағы тарихи-мәдени орын, деп жазады qazaqstan.tv.

«Юнескоға енсе, бізде біріншіден туризмнің әлеуеті көтеріледі. Маңғыстауға келушілер көбееді. Келеуші көбейгесін, біздің экономикамыз көтеріледі. Ол жерде әртүрлі инфрақұрылымдар салынады. Жол салынады, байланыс салынады, визит центрлар салынады. Сондықтан соның барлығы бізге қажет», - деді мемлекеттік тарихи-мәдени қорықтың директоры Нұрлан Құлбай.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.