$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте жедел медициналық көмекті жаңғыртуға 2,1 млрд теңгені артық жұмсамақ болған

2019 жылы Шымкент қаласында жергілікті бюджеттен 9,6 млрд теңге бөлінген болатын

Шымкентте жедел медициналық көмекті жаңғыртуға 2,1 млрд теңгені артық жұмсамақ болған
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Шымкентте бюджет қаражатын мақсатсыз игерудің алдын алуға бағытталған жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин Facebook-тегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2019 жылы Шымкент қаласында жергілікті бюджеттен 9,6 млрд теңге бөлінген болатын.

Аяқталған сотқа дейінгі іс жүргізу аясында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының құны асыра бағаланғаны анықталды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұсынымы бойынша әкімдіктің бейінді басқармасы сотқа тиісті талап қоюға бастамашылық жасап, биылғы жылдың 14 наурызында жобаның құнын 2,1 млрд теңгеге төмендетті. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. Осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», - деп жазды  Дәурен Ерғарин.  

Серіктес жаңалықтары