$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 12,7% артты

Жыл басынан бері 4 327 нысан пайдалануға берілді 

Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 12,7% артты
Фото: Әсет Құндақбаев

Биылғы екі ай ішінде құрылыс жұмыстарының көлемі 356,6 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

ҚР Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,7% артық.

Республикадағы құрылыс жұмыстарын орындаушылар:

  • жеке ұйымдар – 70,9%;
  • шетелдік ұйымдар – 26,4%;
  • мемлекеттік ұйымдар – 2,7%.

«2024 жылғы қаңтар-ақпанда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттарды (жалпы көлемнің 29,2%) және тұрғын үйлерді (11,9%) салу бойынша жұмыстар алып отыр», - делінген бюро хабарламасында.

2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында пайдалануға берілген жаңа нысандардың жалпы ауданы 2 336,9 мың м2 құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3% аз.

Жыл басынан бері 4 327 нысан пайдалануға берілді, олардың негізгілері:

  • тұрғын ғимараттар – 3 946;
  • сауда нысандары – 59;
  • кеңселер – 54;
  • құбырлар, байланыс желілері – 46;
  • қонақ үй, мейрамхана тектес нысандар – 41.
Серіктес жаңалықтары